KZ RU

Бүгін бірқатар өңірде күн ыстық болады

«Қазгидромет» РМК бүгін атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты Қазақстанның басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталып, кей жерлерде жаңбырмен бірге найзағай болатынын, жел күшейіп, дауыл, бұршақ жауатынын мәлім етті, деп хабарлайды ELnews.kz.



27 маусымда тек республиканың батысында ауа райы жауын-шашынсыз болады.

Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Павлодар облыстарының кей жерлерінде желдің күші 15-25 м/с болып, күндіз кей жерлерде дауыл, бұршақ болуы ықтимал, түнде Ақмола, Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман болады.

Алматы, Жамбыл, Қызылорда, Қарағанды, күндіз Қостанай облыстарының кей жерлерінде желдің күші 15-20 м/с болады, Қарағанды, күндіз Жамбыл облыстарының кей жерлерінде бұршақ болуы ықтимал.

Күндіз Түркістан, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейіп, бұршақ жаууы ықтимал, Түркістан облысының кей жерлерінде дауылды жел тұрады.

Күндіз Маңғыстау, Ақтөбе облыстарының кей жерлерінде қатты ыстық сақталады, Батыс Қазақстан, Атырау облыстарында қатты ыстық болады, кей жерлерде өте қатты ыстық болады.

Маңғыстау, Атырау облыстарында, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде өте жоғары өрт қауіпі сақталады.

Еске сала кетейік, «Қазгидромет» РМК бұған дейін Атырау облысында 42 градусқа дейін ыстық болуы мүмкін екенін ескерткен болатын.
Басқа да:

Пайдалы кеңес