KZ RU

Жезқазғанда мектеп бітіруші түлекті өлтіріп кетті

Қарағанды облысының Жезқазған қаласында мектеп бітірген түлектің мәйіті табылды. Бұл ақпаратты Қарағанды облысының ІІД баспасөз қызметі растады, деп хабарлайды ELnews.kz.
Алдын ала белгілі болғандай, жас түлек мектеп бітіру кешінен кейін қаза тапқан.

Мектеп бітірушінің мәйіті қала көшелерінің бірінен табылған. Қылмыс жасады деген күдікпен 17 жастағы жігіт ұсталды.

- 2018 жылдың 16 маусымда Жезқазған қаласының полиция қызметкерлері қала көшелерінің бірінен қаза тапқан түлектің мәйітін тауып алған. Оның кім екені анықталды. Ол 2000 жылы туған Жезқазған қаласының азаматы. Осы қылмысқа қатысы бар деген күдікпен 17 жастағы жігіт ұсталды. Күдікті жанжал кезінде 18 жастағы жігітке пышақ сұғып алғанын мойындады», - дейді Қарағанды облысының ІІД өкілі Бақытжан Құдияров.

Қазіргі уақытта полиция қызметкерлері ҚР Қылмыстық Кодексінің 99 бабы, 1 тармағына сәйкес «Кісі өлтіру» бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізуде. Ұсталған күдікті үйқамаққа алынып, одан ешқайда кетпеу туралы қолxат алынған.
Басқа да:

Пайдалы кеңес