KZ RU

Сәрсенбіге арналған ауа райы болжамы

«Қазгидромет» РМК бүгін атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты Қазақстан аймағының кей жерлерінде ауа райы тұрақсыз, тек республиканың батыс және оңтүстік-батысында жаңбыр жаумайтынын жариялады, деп хабарлайды ELnews.kz.
Кей жерлерінде найзағай, жаңбыр жауады, жел күшейіп, дауыл болады, бұршақ жаууы ықтимал.

Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейіп, дауыл тұрады.

Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейіп, күндіз дауыл соғады, Жамбыл облысының кей жерлерінде бұршақ жаууы ықтимал.

Күндіз Қарағанды облысының кей жерлерінде бұршақ жаууы ықтимал, түнде және таңертің тұман түседі.

Ақмола, Алматы, Павлодар, Шығыс Қазақстан, күндіз Қостанай облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді, Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде бұршақ жаууы ықтимал.

Маңғыстау облысының басым бөлігінде, Атырау, Ақтөбе, Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл облыстарының кей жерлерінде өте жоғары өрт қаупі сақталады.
Басқа да:

Пайдалы кеңес