KZ RU

Бүгін бірқатар өңірде жаңбыр жауады

«Қазгидромет» РМК атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы тұрақсыз болатынын мәлім етті, деп хабарлайды ELnews.kz.


Кей жерлерде найзағаймен жаңбыр жауып, жел күшейіп, дауыл соғады, бұршақ болуы мүмкін.

Павлодар облысында жел 15-20, екпіні 23-28 м/с  күшейеді, кей жерлерінде дауыл болып, бұршақ жауады.

Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде түнде жел 15-20 м/с, күндіз 15-20, кей жерлерінде екпіні 23-28 м/с жетеді, кей жерлерінде дауыл болып, бұршақ жаууы мүмкін.

Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде дауыл соғып, бұршақ болуы мүмкін, жел 15-20 м/с күшейеді, түнде және таңертең кей жерлерінде тұман түседі.

Қостанай облысының кей жерлерінде бұршақ жаууы мүмкін, жел 15-20 м/с жетеді.

Алматы, Ақмола облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді, күндіз Ақмола облысының кей жерлерінде бұршақ жаууы мүмкін.

Күндіз Жамбыл облысының кей жерлерінде дауыл болып, бұршақ жаууы мүмкін, желдің күшеюі 15-20 м/с жетеді.

Күндіз Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда облыстарының кей жерлерінде жел шаңды дауылмен 15-20 м/с күшейеді.

Түнде Қарағанды облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с жетеді.

Маңғыстау облысының басым бөлігінде, Қызылорда, Атырау, Ақтөбе, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл облыстарының кей жерлерінде өте жоғары өрт қаупі сақталады.
Басқа да:

Пайдалы кеңес