KZ RU

Шуда пойыз апатынан зардап шеккендер тізімі белгілі болды

Жамбыл облысының Шу қаласында болған пойыз апатынан зардап шеккендер мен қаза тапқан жасөспірімнің есімі жарияланды, деп хабарлайды ELnews.kz.
Жамбыл облысының Денсаулық сақтау басқармасы мәлім еткендей, пойыз апатынан 2006 жылы туған жасөспірім Григорий Александрович Малинев қаза тапты. Сонымен қатар, зардап шеккен бір адам ауруханаға жатқызылып, 14 адам дәрігерлер көмегіне жүгінген.

Ауруханаға жатқызылған адамның жағдайы тұрақты.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасы пойыз апатынан зардап шеккендердің аты-жөндерін жариялады:

1. Ақерке Бақытовна Исламғали;
2. Самат Сұлтанәлі;
3. Әйгерім Құрмангазиевна Өміржанова;
4. Әлішер Кенжеболатұлы Даутов;
5. Альби Махамбетиярович Байжанов;
6. Дидар Ахатұлы Аубакиров;
7. Кәмшат Талғат;
8. Айгүл Каримова;
9. Уәлихан Молдагулович Сексенбаев;
10. Алина Юрьевна Воронцова;
11. Ева Валентиновна Воронцова;
12. Наталья Дмитриевна Севдеева;
13. Софья Дмитриевна Севдеева;
14. Алмат Жомартович Бозлаков.

Еске сала кетсек, кеше 17 маусым күні шамамен сағат 13.25-те «Шығанақ-Шу» учаскесінің «Жиделі-Бірлік1» перегонында жолаушылар тасымалдайтын Астана қаласынан Алматы қаласына қарай шыққан №9 пойыздың 6 вагоны рельстен шығып кеткен. Пойыз апатынан 14 адам зардап шегіп, бір адам қаза тапқан болатын.


Пайдалы кеңес