KZ RU

Telegram-бот арқылы бірнеше анықтама алуға болады

ELnews.kz - Енді Telegram-бот арқылы бірнеше анықтама алуға болады. Анықтамалар алу үшін eGov.kz порталындағы профиліңізге телефон нөміріңізді қосып қою жеткілікті.

20 мамырда Telegram-да @EgovKzBot деп аталатын бот іске қосылды.

Telegram-бот ең жиі пайдаланылатын 4 қызметтің түрін SMS арқылы алуға мүмкіндік береді:

•Мекенжай анықтамасы;

•Сотталмағаны туралы анықтама;

•Мүлкінің бар немесе жоқ екені туралы анықтама;

•Жеке тұлғаның басқа заңды тұлғаларға қатысуы туралы анықтама.

Осы қызмет түрлері енді кез келген уақытта қолжетімді болады.

Бот қызметін қолдану үшін, алдымен, азаматтардың мобильді деректеріне тіркеліп, содан соң eGov.kz порталындағы профильге ұялы телефонды қосу керек. Алған құжатты телефонда сақтауға немесе email адреске жіберуге болады.

Пайдалы кеңес