KZ RU

Бекзат Саттархановтың әкесі дүниеден озды

Сиднейде өткен XXVII Олимпиада чемпионы Бекзат Саттархановтың әкесі Сейілхан Саттарханов дүниеден озды. Бұл туралы Түркістан облысының спорт басқармасы мәлім етті, деп хабарлайды ELnews.kz.
 


"Сейілхан Саттарханов жүрек ауруынан бүгін сағат 11.00 шамасында қайтыс болды. Жаназасы ертең Түркістан қаласында 15.00-де шығарылады", - деп хабарлады ведомствоның баспасөз хатшысы.


Бекзат Саттарханов 1980 жылы 4 сәуірде Түркістан қаласында туып, 2000 жылдың 31 желтоқсанында Шымкент қаласының маңындағы Темірлан бекетінде жол апатынан қаза тапты. 


Айта кетейік, әуесқой бокста Бекзат Саттарханов 143 жекпе-жек өткізіп, 132 кездесуінде жеңіске жеткен.



Пайдалы кеңес