KZ RU

Нұр-Сұлтанда тергеу изоляторында қоғам белсендісі Дулат Ағаділ қайтыс болды

Нұр-Сұлтан қалалық тергеу изоляторында күні бұрын жеткізілген 1977 жылы туған Дулат Ағаділ есімді азамат қайтыс болды. Бұл туралы қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды ELnews.kz.

 

Бұл адамға қатысты сотқа құрмет көрсетпеу немесе сот отырысында қатысушыларды қорлау фактілері бойынша құқық бұзушылықтар үшін қылмыстық іс қозғалған.


"2020 жылы қаңтарда ол айыпталушы ретінде сырттай танылды, оған ешқайда кетпеу туралы қолхат түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды. Алайда айыпталушы соттың тергеу жұмыстарынан жалтаруына байланысты қамауға алынған. Ағымдағы жылдың 24 ақпанында сағат 21:00 шамасында Дулат Ағаділ үйінен тергеу изоляторына жеткізілді. Қайтыс болған сәтте тергеу изоляторында онымен қоса тағы төрт адам болды. Олар марқұмға қатысты зорлық-зомбылық фактілері болмағанын куәландырды", - делінген полиция таратқан хабарламада.


Марқұмның қазасын жедел жәрдем мамандары тіркеген. Өлімнің болжамды орын алу себебі: «жүрек-қантамырының жеткіліксіздігі». Ер адамның денесінде ешқандай дене жарақаттары болған жоқ. Қазір сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.


Пайдалы кеңес