KZ RU

Ақтау әуежайында асқазанында есірткі тасымалдаған 3 адам ұсталды

Ақтау халықаралық әуежайында есірткі тасымалдаушы үш адам ұсталды. Бұл туралы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды ELnews.kz.

 

"2020 жылғы ақпанның басында Ақтау халықаралық әуежайында Ұлттық қауіпсіздік комитеті Ираннан «героин» есірткі затының контрабандасын ұйымдастыру фактісі бойынша Қазақстанның үш азаматын ұстады, ол ұсталғандардың асқазанында тасымалданған. Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу нәтижесінде ұсталғандардың ішкі құрылысынан 302 героин капсуласы табылып, алынды, құны 50 миллион теңге болатын олардың жалпы салмағы шамамен 1 кг (5 000 біржолғы мөлшерлемеге бара-бар) құрады", -делінген ҰҚК хабарламасында.

Осы факт бойынша ҚР ҚК 297-бабының 3-бөлігі, 286-бабы 2-бөлігінің 4-тармағы мен 4-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Ұсталған адамдар тергеу изоляторына қамалып, сотқа дейінгі тергеу жалғасуда.


Пайдалы кеңес