KZ RU

WhatsApp пайдаланушылары жаңа рекорд орнатты

WhatsApp қолданушыларының саны 2 млрд адамға жетті. Бұл туралы компанияның блогында жарияланды, деп хабарлайды ELnews.kz.

 

WhatsApp мобильді қосымшасын белсенді пайдаланушылардың қатары 2 млрд адамға жеткен. 


Бүгінгі таңда WhatsApp қосымшасы Facebook әлеуметтік желісінен кейінгі екінші орында тұр. 

WhatsApp мобильді қосымшасы 2009 жылы шықты. 2014 жылы оны Facebook компаниясы 19 млрд долларға сатып алған болатын. 2017 жылы оның қолданушыларының саны 1 млрд-қа жеткен еді. Үш жыл өткеннен кейін бұл желіні қолданушылар саны тағы 1 млрдқа артып, 2 млрд адам пайдаланушысы бар мобильді қосымшаға айналып отыр. 

Қазіргі таңда платформа өкілдері желі арқылы жолданатын ақпараттарды қорғауға айтарлықтай көңіл бөліп отыр. Яғни, WhatsApp арқылы жіберілген хабарламаның барлығы алмаспайтын шифрлармен қорғалған. 


«WhatsApp қоңырауларын ешкім тыңдай алмайды, тіпті, біздің өзімізде де ондай мүмкіндік жоқ. Сіздің жазбаңыз өзіңіз бен әңгімелесушінің арасында ғана қалады», - дейді WhatsApp өкілдері. 

Пайдалы кеңес