KZ RU

Алматыда жоғалып кеткен үш оқушы өлі табылды

Алматыда жоғалып кеткен үш оқушы өлі табылды. Бұл туралы қала әкімі Бақытжан Сағынтаев Facebook-тегі парақшасында жазды, деп хабарлайды ELnews.kz.

 

"Құтқару қызметтері Алатау ауданында жоғалып кеткен оқушыларды іздестіруді аяқтады. Өкінішке орай, біз балалардан айырылып қалдық. Денис Мельников, Вадим Сизов, Сабыр Дүйсеғалиевтің қаза тапқаны туралы қайғыра хабарлаймын", - деп жазды әкім.


Бақытжан Сағынтаев балалардың судың мұзы жұқа жерінде болғанын айтты.


"Жазым болған оқушылардың отбасылары мен жақындарының қайғыларына ортақтасып, көңіл айтамын. Біздің балалар мұзы жұқа су айдынында көз жұмды. Полиция департаменті мен ТЖ қызметтеріне себептерді тергеу жөнінде арнайы топ құруды тапсырдым. Зардап шеккендердің отбасыларына қолдан келгенше көмек көрсетеміз. Тергеу барысы менің жеке бақылауыма алынды", - деді қала әкімі.


Айта кетейік, балалар қаңтар күні сағат 13:00 шамасында үйден шыққан. Олар мектеп формасымен және рюкзактарымен кеткен.


Пайдалы кеңес