KZ RU

Бердібек Сапарбаев Жамбыл облысының әкімі қызметіне тағайындалды

Мемлекет басшысының Жарлығымен берілген өтінішіне орай Асқар Исабекұлы Мырзахметов Жамбыл облысының әкімі қызметінен босатылды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды ELnews.kz.

 

"Бердібек Машбекұлы Сапарбаев Жамбыл облысының әкімі болып тағайындалсын, ол Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары қызметінен босатылсын", - деп жазылған Ақорданың хабарламасында.


Бердібек Сапарбаев 1953 жылы 9 ақпанда Қызылорда облысы Жаңақорған ауданы Бесарық ауылында дүниеге келген.

Еңбек жолын 1969 жылы Задаринский совхозының жұмысшысы ретінде бастады. 

1977 жылы Алматы Халық шаруашылығы институтын экономист мамандығы бойынша бітірді. Институтты бітірісімен Республикалық мемлекеттік еңбек жинақтау кассалары басқармасында экономист болып еңбек етті.

1977–1988 жылдар аралығында — ҚазСРО Қаржы министрлігінде экономист, аға экономист, жетекші, бас экономист, бөлім бастығының орынбасары қызметтерін атқарған.

1988–1994 жылдары — жоспарлау-қаржы басқармасының бастығы, Бас экономика басқармасының бастығы, ҚР білім министрінің орынбасары.

Бір жылға жуық уақыт президент аппараты бөлімі мен ҚР Министрлері кабинеті меңгерушісінің орынбасары қызметін атқарған.

1994–1995 жылдары — ҚР министрлері кабинетінің Істер басқармасының қаржы, еңбек және әлеуметтік қорғау бөлімі меңгерушісінің орынбасары және меңгерушісі болды.

1995 жылғы наурыз–қыркүйек аралығы — ҚР министрлері кабинеті аппаратының басшысы.

1995 жылғы қыркүйекте Қызылорда облысының әкімі болып тағайындалды.

1999 жылғы шілде мен 2002 жылғы тамыз — Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі.

Қазақстан Республикасы Кедендік бақылау агенттігінің төрағасы, Қазақстан Республикасы қаржы министрлігінің вице-министрі — кедендік бақылау комитетінің төрағасы.

2006–2007 жылдар аралығында — премьер-министр Кеңсесі басшысының орынбасары – ҚР Парламентіндегі үкіметтің өкілі.

2007 жылғы ақпан мен тамыз аралығында — экономика және бюджеттік жоспарлау вице-министрі.

2007 жылдың тамызынан бастап, Қазақстан Республикасының еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі лауазымын атқарған.

2009 жылғы 4 наурыздан 2014 жылғы 11 қараша аралығында - Шығыс Қазақстан облысының әкімі.

2014 жылдың 11 қарашасынан бастап президент Жарлығымен ҚР премьер-министрінің орынбасары қызметіне тағайындалды.

2015 жылғы 11 қыркүйекте Қазақстан Республикасы президентінің жарлығымен Ақтөбе облысының әкімі болып тағайындалды.

2019 жылғы 25 ақпанда президент жарлығымен ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі қызметіне тағайындалды.

2019 жылдың тамыз айынан бастап ҚР премьер-министрдің орынбасары қызметін атқарды.


Пайдалы кеңес