KZ RU

23 жастағы жігіт Instagram арқылы танысқан қыздардың атынан несие рәсімдеген

Құқық қорғаушылар қыздарға несие рәсімдеген 23 жастағы павлодарлықты ұстады. Бұл туралы pavlodarnews.kz жазды, деп хабарлайды ELnews.kz.

 

- Жедел уәкілдер қыздарға несие рәсімдеген 23 жастағы павлодарлықты ұстады. Ол инстаграм әлеуметтік желісі арқылы қыздармен танысып, Ресейде бизнеспен айналысып жүргенін және ақша керектігін айтқан. Дегенмен картасы жоқ екені туралы айтып, жантүршігерлік оқиғаларды ойлап табады. Қыздар ватсап арқылы фотолары мен жеке куәліктерін жібереді, - дейді департаментте.


Қажетті құжаттарды алғаннан кейін жас жігіт «ғашықтарының» карточкаларына 150-250 мың теңге сомасында онлайн несиелер рәсімдейді. Содан кейін қаражатты басқа шотқа аударуды өтінеді. Осылайша алаяқтың арбауына 5 қыз түскен.


Айта кетейік, бұған дейін Павлодарда мұғалім әріптестерінің атынан 1 млн 200 мың теңге онлайн несие алғанын жазған болатынбыз.


Пайдалы кеңес