KZ RU

Шымкентте автобус аударылып, кондуктор көз жұмды

Шымкентте ірі жол апаты болды. Бәйтереков көшесі мен Астана даңғылының қиылысында жеңіл автокөлік пен жолаушылар автобусы соқтығысты, деп хабарлайды «Хабар 24».

  

Қатты соққыдан қоғамдық көлік бүйіріне аударылып қалған. Салдарынан автобус кондукторы болып істеген әйел оқиға орнында көз жұмды. Тағы 13 адам түрлі дене жарақатын алған. Олардың үшеуі бала. Жапа шеккендердің барлығы ауруханаға жеткізілді.


"Жансақтау бөлімінде жатқан орта жастағы әйел. Шамамен 39 жаста. Келіп түскен диагнозы бас-ми жарақаты, бас миының шайқалуы, сол қолының жарақаттан кейін ампутация болуы. Жалпы саны 10 адам", - дейді №1 қалалық клиникалық аурухананың бөлім меңгерушісі Өткіржан Молдаханов.


"Автобус жүргізушісі жол ережесін ескермей, бағдаршамның тыйым салынған белгісіне өтіп, «Тойота Камри» маркалы автокөлігімен соқтығысып аударылды, - дейді қалалық ПД басқарма басшысы Әсел Сәденова.


Аталған жайт бойынша ҚР ҚК 345-бабы 3-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп тексеру амалдары жүргізілуде.


Пайдалы кеңес