KZ RU

Республика бойынша 700-ден астам көпбалалы отбасы баспаналы болды

Бүгінгі таңда республика бойынша 714 көпбалалы отбасы тұрғын үймен қамтамасыз етілді. Бұл туралы ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды ELnews.kz.

  

ҚР Тұңғыш Президенті — Елбасы Н. Назарбаевтың тапсырмаларын орындау аясында өңірлерде көп балалы отбасыларға тұрғын үй беру басталды.


Ағымдағы жылдың 30 сәуірінде көп балалы отбасыларды тұрғын үймен қамтамасыз ету мақсатында ҚР Парламенті тұрғын үй қатынастары мәселелері жөнінде заң қабылдады.


Ағымдағы жылдың мамыр айында бүкіл ел бойынша 2019 жылы жоспарланған 6 мың отбасының 1,2 мың көпбалалы отбасын тұрғын үймен қамтамасыз ету жоспарланып отыр.


Бүгінгі таңда еліміздің әр өңірінде 714 көп балалы отбасы тұрғын үймен қамтамасыз етілді.


Жергілікті атқарушы органдардың деректері бойынша, қазіргі уақытта Қазақстанда тұрғын үй алу кезегінде 32 мың көп балалы отбасы тұр.

Көп балалы отбасыларды тұрғын үймен қамтамасыз ету бойынша қойылған міндеттерді жүзеге асыру барысы ерекше бақылауға алынған.



Пайдалы кеңес