KZ RU

Нұр-Сұлтанда бос жұмыс орындар жәрмеңкесі өтеді

2019 жылдың 22 мамыр күні сағат 10:00-13:00 аралығында Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігі «Халықты жұмыспен қамту орталығы» жалпықалалық бос жұмыс орындар жәрмеңкесін өткізеді, деп хабарлайды ELnews.kz.

 

Жәрмеңке Республика даңғылы, 34 мекенжайында орналасқан  "Жастар" сарайында өтеді. Іс-шара өз алаңында елорданың 80-нен астам жұмыc берушісін жинайды, олар мыңнан астам бос жұмыс орнын ұсынады. Жәрмеңкеге келушілер жұмыс берушілермен тікелей байланысып, сұхбаттасып, түйіндемелерін қалдыруға мүмкіндігі бар.


Сондай-ақ, шарада оқу орындарының түлектеріне «жастар тәжірибесі» бағдарламасы айтылып, азаматтарға әлеуметтік жұмыс орындары ұсынылады. Жұмыспен қамту орталығының мамандары қысқа мерзімді кәсібі оқуға қызығушылық танытқан келушілерге де толық ақпарат береді.


Айта кетейік, жыл басынан бері халықты жұмыспен қамту орталығы 2 550 азаматы жұмыспен қамтамасыз еткен. Бүгінгі таңда орталықта 5 777 бос жұмыс орны бар.


Пайдалы кеңес