KZ RU

Ат мінген полиция бастығы жұмысынан босатылды

Атырау облыстық полиция департаментінің басшысы Аян Дүйсембаев қызметінен босатылды. Бұл туралы ІІМ баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды ELnews.kz.

  

"ІІМ бұйрығымен ҚР Президенті Әкімшілігінің келісімімен Қызметтік этиканы бұзғаны үшін А.С.Дүйсембаев Атырау облысы полиция департаментінің басшысы қызметінен босатылды", - делінген хабарламада.

"Тұрғымбаевқа Атырау облыстық Полиция департаменті бастығының ерсі әрекетіне қатысты қызметтік тексеру жүргізуді тапсырдым. Қатаң шара қолданылатын болады", - деп жазған еді Президент Twitter-дегі парақшасында.

Айта кетейік, бұған дейін желіде Атырау облыстық полиция басшысының сыйлыққа тұлпар алып, сол атқа мінгені түсірілген видео тараған болатын.


Пайдалы кеңес