KZ RU

Украинаның жаңа президенті Владимир Зеленский ант берді

Украинаның жаңа президенті Владимир Зеленский ант берді, деп хабарлайды ELnews.kz.

 

Зеленский Украина конституциясы мен Інжілге қолын қойып, халқының алданда ант берді.


Орталық сайлау комиссиясының төрайымы Татьяна Слипачук Владимир Зеленскийге Украина президентінің куәлігін тапсырды.


Сондай-ақ, Украина президенті сегізінші шақырылымдағы Жоғарғы Раданы тарататынын жария етті.


Айта кетейік, 30 сәуірде Зеленский ресми түрде президент сайлауында жеңіске жеткен болатын. Зеленский бес жылға сайланды.


Пайдалы кеңес