KZ RU

Иманғали Тасмағамбетов әнші Ержан Максиммен кездесті

Ресей Федерациясындағы Қазақстан Республикасының Төтенше және Өкілетті елшісі Иманғали Тасмағамбетов жас әнші Ержан Максиммен кездесті, деп хабарлады ҚазАқпарат.

 

Елшілікте хабарлағандай, Ресейдегі Қазақстан елшілігінде өткен кездесу барысында Иманғали Тасмағамбетов пен Ержан Максим жас қазақстандық әншінің шығармашылық жоспарын талқылады.


Ержан «Голос. Дети» жобасына қатысқаннан кейін өмірінде қандай өзгеріс болғанын және алдағы уақытта немен айналысуды жоспарлап жүргенін айтты.


Иманғали Нұрғалиұлы жас таланттың барлық бастамасының сәтті болуына, Ресей астанасында уақытын жақсы өткізуіне тілектес екенін жеткізді. 


Айта кетейік, сәуір айында қазақстандық Ержан Максим ресейлік "Голос. Дети" байқауында екінші орын алған болатын. 



Пайдалы кеңес