KZ RU

Жаңбырдың астында концертін өткізген Димаш малмандай су болды

Қазақстандық әнші Димаш Құдайберген Қытайдың Чэнду қаласында концертін өткізді, деп хабарлайды ELnews.kz.

 

Концерт кезінде жаңбыр жауған. Бірақ, оның жанкүйерлері 10 сағат бойы жаңбырдың астында тұрса да Димаштың әнін тыңдап, қолдау білдірген. Димаш жаңбыр жауып тұрғанына қарамай, өзіне құрмет көрсеткен көрермендеріне алғысын айтты.


«Кешегі концертiміз жаңбырдың астында өтсе де, көңілді өткен секілді. 10 сағат жаңбырдың астында мені күтіп тұрған барлық жанкүйерлеріме үлкен алғыс білдіремін. Рахмет Чэнду!»,- деп жазды ол Instagram парақшасында.

Пайдалы кеңес