KZ RU

Дания Еспаева президенттікке кандидат ретінде барлық талаптарға сай - ОСК

Орталық сайлау комиссиясы ҚР Президенттігіне кандидат Дания Еспаеваның ҚР Конституциясы және «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңының талаптарына сәйкестігін анықтау туралы қаулы қабылдады. Бұл туралы ҚР Орталық сайлау комиссиясының ресми сайты мәлім етті, деп хабарлайды ELnews.kz.

  

2019 жылғы 25 сәуірде «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 54-бабының 2 тармағына және 55-бабына сәйкес «Қазақстанның Ақ жол Демократиялық партиясы» қоғамдық бірлестігі жоғары органының Дания Мәдиқызы Еспаеваны Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидат ретінде ұсынуына байланысты оның тиісті құжаттары Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясына тапсырылды.


2019 жылғы 26 сәуірде Ортсайлаукомда Дания Мәдиқызы Еспаеваның мемлекеттік тілді еркін меңгергендігінін анықтау жөніндегі лингвистикалық комиссияның отырысы болып өтті.


Лингвистикалық емтихан барлық белгіленген кезеңдер бойынша өткізілді.


Өткізілген емтиханның нәтижелері бойынша лингвистикалық комиссия Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидат Дания Мәдиқызы Еспаеваның мемлекеттік тілді еркін меңгергендігі жөнінде шешім қабылдады.


Пайдалы кеңес