KZ RU

Әміржан Қосанов президенттікке кандидат ретінде құжаттарын тапсырды

«Ұлт тағдыры» республикалық қоғамдық бірлестігі атынан ҚР Президенттігіне үміткер Әміржан Қосанов Орталық сайлау комиссиясына құжаттарын тапсырды. Бұл туралы ҚР Орталық сайлау комиссиясының ресми сайты мәлім етті, деп хабарлайды ELnews.kz.

 

2019 жылғы 27 сәуірде  Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясына «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 55-бабына сәйкес «Ұлт тағдыры» бірлескен ұлттық-патриоттық қозғалысы» қоғамдық бірлестігі Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидат ретінде Әміржан Сәғидрахманұлы Қосановтың мынадай құжаттарын ұсынды:


1. ««Ұлт тағдыры» бірлескен ұлттық-патриоттық қозғалысы» қоғамдық бірлестігі жоғары органының Қазақстан Республикасының Президенттікке кандидат ұсыну жөніндегі отырысының хаттамасынан үзінді;


2. Әміржан Сәғидрахманұлы Қосановтың Қазақстан Республикасының Президенттiгіне кандидат болып дауысқа түсуге келiсiм бергені туралы өтiнiші;


3. Өмірбаяндық деректері;


4. Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының шотына сайлау жарнасын енгiзгенiн куәландыратын құжат;


5. Жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;


6. Жоғарғы оқу орнындағы білімі туралы дипломдарының көшірмелері;


7. Мемлекеттік қызметте жұмыс тәжірибесінің бар екенін растайтын құжаттар.


Мемлекеттік тілді еркін меңгергендігін анықтайтын лингвистикалық комиссиясының отырысы 2019 жылғы 29 сәуірге тағайындалды.


Пайдалы кеңес