KZ RU

Елордада Мәдина Сәдуақасова, Бейбіт Құшқалиев, Раим мен Артурдың қатысуымен концерт өтеді

7 мамырда Отан қорғаушылар күніне орай Нұр-Сұлтан қаласында қазақстандық эстрада жұлдыздарының қатысуымен үлкен концерт өтеді. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласының Мәдениет және спорт басқармасының баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды ELnews.kz.

 

Мәдина Сәдуақасова, Бейбіт Құшқалиев, Ayree (Айри), «Заман» тобы, «3038» тобы және Раим мен Артур елорда тұрғындары мен қонақтарын мерекемен құттықтайды және өздерінің үздік әндерін орындайды.


Кеш жүргізушілері – Азат Әбікен мен Олжас Рымбаев.


Концерт әкімдік алдындағы қалалық алаңда өтеді. Концерттің басталуы – сағат 17:00-де, бағдарлама сағат 20.00-ге дейін жалғасады. 


Пайдалы кеңес