KZ RU

Жолаушылар пойызына электронды билет сату 8 есе өсті

Электронды билет сатып алу өте қолайлы. Бүгінде жолаушылар кассада кезекте тұрмай-ақ интернет желісі арқылы үйде не болмаса офиста отырып керек бағыттағы жол жүру билетін сатып алуда. Биыл жолаушылар пойызына электронды билет сату 8 есе өскен. Бұл туралы «Жолаушылар тасмыалы» АҚ баспасөз орталығы мәлім етті, деп хабарлайды ELnews.kz.

 

Бүгінгі күнде жол билеттерін «Жолаушылар тасымалы» АҚ-на қарасты 233 кассасында, жекеменшік 4500 кассада және де интернеттегі билет сататын ресми сайт EPAY.RAILWAYS.KZ және де басқа да ғаламтордағы сату көздері арқылы алуға болады.


2014 жылы қазақстандықтар интернет арқылы 2 545 718 млн билет сатып алса, келесі жылы бұл көрсеткіш 6,7 млн-ға дейін өсті. 2016 жылы  11,6 млн билет сатылса, 2017 жылы ғаламтор арқылы 14,8 млн жолаушы жол жүру құжатын иемденді.


2018 жылы  интернет арқылы 16 264 373 млн билет сатылған.


Естеріңізге сала кетейік, EPAY.RAILWAYS.KZ арқылы  билет алсаңыздар комиссия ұсталмайды.


 

 



Пайдалы кеңес