KZ RU

Шекарадан заңсыз телефондар өткізбек болған азамат ұсталды

Қордай өткізу пункітінде 38 жастағы Қазақстан азаматы контрабандалық жолмен елге 293 дана ұялы телефон алып кірмек болғандығы үшін ұсталды. Бұл туралы ҚР ҰҚК ШҚ баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды ELnews.kz.

 

Қордай шекара отрядының «Қордай-авто» бөлімшесінде шекара наряды 1981 жылы туған қазақстандық азаматты ұстады.


Тексеру барысында оның жекеменшік жеңіл автокөлігінен жалпы саны 293 дана «Redmi», «Самсунг», «Леново» маркалы ұялы телефондар табылып, актімен Қордай аудандық Мемлекеттік кіріс департаментіне тапсырылды.


Пайдалы кеңес