KZ RU

Алматы облысында жер сілкінді

Алматы облысының Кеген ауданында жер сілкінді. Бұл туралы Алматы облыстық ТЖД баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды ELnews.kz.

 

Жер сілкінісі бүгін, 19 сәуірде 09 сағат 55 минутта тіркелген. Жерасты дүмпуі Алматы қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 72 шақырым жерде, Кеген  ауданының аумағында болған.


Зілзаланың энергетикалық санаты - 9.3. MPV магнитудасы - 4.6, тереңдігі - 20 км.


Жер сілкінісі тұрғындарға сезілген жоқ. 

                               

 


Пайдалы кеңес