KZ RU

Қарағанды тұрғыны туған қызын кепілге алды

Қарағандыда екі жасар қызын кепілге алған ер адам ұсталды. Бұл туралы Қарағанды облыстық ІІД баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды ELnews.kz.

 

17 сәуір күні 15.20 сағатта 102 телефонына 34-жастағы қала тұрғыны өзінің 2 жастағы қызын кепілдікке алғаны туралы ақпарат келіп түскен.


"Оқиға орынына барлық жедел қызметтер жұмылдырылды. 4-сағатқа созылған келіссөздер және полиция қызметкерлерінің жедел ұйымдастырған операцияларының нәтижесінде 2 жасар қыз бала кепілдіктен құтқарылды. Ұсталған азамат полицияға жеткізілді. Операция кезінде ешкім жапа шеккен жоқ. Ер азаматтың неге бұндай іс-әрекетке барғанын тергеу анықтайды", - деп жазылған ІІД хабарламасында.


Аталған факті бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық  Кодексінің 261 бабы 2 тармағына сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.

Басқа ақпарат ҚР ҚПК-нің 201 бабына сәйкес жариялауға жатпайды.



Пайдалы кеңес