KZ RU

Алдағы үш күнде кей облыста қар ұшқындайды

"Қазгидромет" РМК 18-20 сәуірге арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды ELnews.kz.

 

"Қазақстанның оңтүстігіндегі белсенді фронтальды бөліктермен алдағы үш тәулікте жаңбыр, кей жерлерде қатты жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Ал суық арктикалық атмосфералық фронттармен республиканың солтүстік облыстарында жауын-шашын, жаңбыр жауып, қар ұшқындайды. Көктайғақ болып, ауа температурасы 2-10°С аязға дейін төмендейді. Сондықтан ауа температурасы климаттық нормадан 2-5°С төмен, ал оңтүстік облыстарда 2-5°С жоғары болуы ықтимал", - деп жазылған хабарламада.

Пайдалы кеңес