KZ RU

Түркістан облысында өгей ана баланы ұрып, пышақпен жарақаттаған

Түркістан облысында өгей анасы қыз баланы үнемі ұрып-соғып, жарақаттап отырған. Ауыл мектебінің мұғалімдері оқушылардың денелерінде ісіктер мен ұрып-соғудың іздерін байқап, полиция қызметкерлерін шақырған, кейін АІІБ-і тарапынан қылмыстық іс қозғалған. Бұл туралы ҚР БҒМ баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды ELnews.kz.

  

Аудандық ішкі істер бөлімінің тарапынан қылмыстық іс қозғалып, балаларды жәбірлеген әйел бірден полицияға жеткізілді. 


Белгілі болғандай, өгей анасы балаларын ұрып-соққан, денелерінде пышақ іздері бар. Аталған іс Ішкі істер министрлігі, Бас прокуратура, Білім және ғылым Министрлігі тарапынан бақылауға алынып отыр. Аталған факті бойынша тексеру жұмыстары жүргізілуде.


Осы орайда Білім және ғылым министрі К.Н.Шамшидинованың тапсырмасымен Түркістан облысына министрдің кеңесшісі Раиса Шер жедел түрде бағытталды.


Түркістан облыстық білім басқармасының ақпаратына сәйкес соққыға жығылған оқушы үйіне жіберілмей, туған апасына жеткізіліп, қазіргі таңда толық қауіпсіздікте.   


Бүгінгі таңда 140-баптың 2-тармағына сәйкес қылмыстық іс қозғалып, іс сотқа жіберілгендігі, сонымен қатар қамаққа алу түріндегі жазаны орындау бойынша шара қолданылғаны белгілі болды. Ата-ана құқығынан тек өгей анасын ғана емес, сондай-ақ әкесін де айыру жөніндегі сұрақ қарастырылуда.


Пайдалы кеңес