KZ RU

Маусымнан бастап 1 миллион қазақстандықтың жалақысы өседі

Қасым-Жомарт Тоқаев 2019-2021 жылдарға арналған бюджетке өзгерістер енгізу туралы заңға қол қойды. Бұл туралы Президент Twitter парақшасында жазды, деп хабарлайды ELnews.kz.

 

"2019-2021 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" ҚР заңына өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы" заңға қол қойдым", - деп жазды Тоқаев.


Сонымен қатар, Президент биыл 1 маусымнан бастап бір миллионнан астам қазақстандықтың жалақысы өсетінін хабарлады.


"Енді 1 миллионнан астам айлығы төмен ауылдық, аудандық, облыстық деңгейдегі бюджеттік сала қызметкерлерінің жалақысы 2019 жылдың 1 маусымынан бастап өсетін болады", - деп жазды ол.





Пайдалы кеңес