KZ RU

Назарбаев Зияткерлік мектептеріне оқушыларды іріктеу конкурсының нәтижесі шықты

Бүгін, 11 сәуірде Назарбаев Зияткерлік мектептерінің 7 сыныптарына оқушыларды іріктеу конкурсының нәтижелері жарияланды, деп хабарлайды ELnews.kz.

 

Конкурс нәтижелері бағдарламалық қамтамасыз етуді пайдалану арқылы оқушылардың жауаптарын статистикалық өңдеу әдісімен алынды.


Аталған әдіс барлық халықаралық зерттеулерде қолданылады және тестілеудің нәтижелерін объективті және әділ бағалауды қамтамасыз етеді.

Тесттердің нәтижелерін өңдеу Нидерландыдағы Педагогикалық өлшеулер институтымен (Citо) жүргізілді.  


КЕШЕНДІ ТЕСТІЛЕУ бойынша максималды балл – 1300. 


Конкурсқа қатысқан оқушылардың толық тізімін НЗМ сайтынан көруге болады.


Пайдалы кеңес