KZ RU

Данияр Ақышев Тұңғыш Президенттің көмекшісі қызметіне тағайындалды

Данияр Ақышев Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасының көмекшісі қызметіне тағайындалды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды ELnews.kz.

 

«Д.Т. Ақышевты Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының көмекшісі қызметіне тағайындау туралы» Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының Шешімі

Данияр Талғатұлы Ақышев Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының көмекшісі болып тағайындалсын.

 

Қазақстан Республикасының

Тұңғыш Президенті – Елбасы                                               Н.Назарбаев

 

Нұр-Сұлтан, 2019 жылғы 9 сәуір

             №5


Пайдалы кеңес