KZ RU

Қордайда ірі көлемде темекі контрабандасы ұсталды

«Қордай» шекара отрядының «Қарасу-авто» бөлімшесінде Қырғыз Республикасынан біздің елге «Даф» жүк көлігімен келе жатқан 23 жастағы Қазақстан азаматы ұсталды. Бұл туралы ҚР ҰҚК ШҚ баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды ELnews.kz.

 

Оның автокөлігін арнайы тексеру кешенін қолдана отырып тексерген кезде кузовы мен тіркемесінен әртүрлі маркалы, Тәжікстанның акциздік маркалары жапсырылған темекі өнімдері табылды.


Заңсыз енгізілмек болған, жалпы саны - 418 144 пачка темекі Қордай аудандық мемлекеттік кіріс департаментіне тапсырылды.



Пайдалы кеңес