KZ RU

Ләззат Танысбай QAZAQSTAN РТРК басшысы болып тағайындалды

Ләззат Танысбай QAZAQSTAN РТРК басшысы болып тағайындалды. Бұл туралы ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев Facebook парақшасында жариялады, деп хабарлайды ELnews.kz.

 

"Қымбатты достар! Бүгін «QAZAQSTAN» РТРК» АҚ ұжымына жаңа басшы – Ләззат Танысбайды таныстырдым. Ләззат Мұратқызы белгілі журналист, телевизия саласының білікті маманы әрі табысты топ-менеджер екенін өздеріңіз де жақсы білесіздер. Л. Танысбай қазіргі уақытқа дейін қолға алынған іргелі шараларды одан әрі жалғастырып, корпорацияны жаңа деңгейге көтереді деп сенемін.
Ал, бұған дейін төрағалық қызметті абыройлы атқарған Ерлан Тынымбайұлы Қаринге алғыс айтып, жаңа қызметінде табыс тілеймін!", - деп жазды министр. 


Айта кетейік, осыған дейін «QAZAQSTAN» РТРК» АҚ-да төрағалық қызмет атқарған Ерлан Тынымбайұлы Қарин ҚР Президентінің кеңесшісі қызметіне тағайындалған болатын. 


Пайдалы кеңес