KZ RU

Аз қамтылған отбасыларға ипотека 2 пайызбен беріледі

ҚР Қаржы вице-министрі Татьяна Савельева Парламент Мәжілісінің депутаттарына Қазақстандағы тұрмысы төмен отбасылар баспанамен қалай қамтылатынын айтып берді, деп хабарлайды ELnews.kz.

 

«Көпбалалылар санатындағы аз қамтылған отбасылар салу және күрделі жөндеу арқылы, сатып алу құқығынсыз жалға берілетін баспанаға қол жеткізетін болады. Бұл бағыттағы қадам жыл сайын 6 мың пәтерді пайдалануға беруге жол ашады», - деді Татьяна Савельева.


Оның айтуынша, аз қамтылған, көпбалалы, толық емес және кірісі төмен әрі мүгедек баланы тәрбиелеп отырған отбасыларды «Тұрғын үй жинақ банкі» арқылы әлеуметтік несиелік баспанамен қамтамасыз ету 0арастырылып отыр.


«Аз қамтылған, көпбалалы, толық емес және кірісі төмен әрі мүгедек баланы тәрбиелеп отырған отбасыларға 20 жыл мерзімге жылдық 2 пайызбен алдын ала аралық тұрғын үй несиесі берілетін болады», - дейді ол.




Пайдалы кеңес