KZ RU

Қазақстанда көлікті тіркеу және жүргізуші куәлігін беру тоқтатылды

Қазақстанда автокөлікті тіркеу және жүргізуші куәлігін беру қызметі техникалық ақаулар салдарынан уақытша тоқтатылды. Бұл туралы ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды ELnews.kz.

 

«Техникалық ақауларға байланысты мамандандырылған ХҚО-лар мен әкімшілік полицияның тіркеу-емтихандық бөлімдерінде көлік құралдарын тіркеу және жүргізуші куәлігін беру бойынша мемлекеттік қызмет көрсету ақау жөнделгенге дейін уақытша тоқтатылды», - делінген хабарламада.


Әкімшілік полиция комитеті туындаған қолайсыздықтар үшін кешірім сұрайды. 


Пайдалы кеңес