KZ RU

Қарағандыда 14 жастағы бала «каратэ» секциясынан кейін көз жұмды

Қарағанды оьблысындағы Дубовка ауылында "каратэ" секциясында 14 жастағы бала жарақат алып, қайтыс болды. Бұл туралы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды ELnews.kz.
 

Полицияның берген мәліметінше, 8 наурыз күні жаттығу кезінде жарақаттанған жасөспірім жедел жәрдем көлігінде қайтыс болған. 


«Полиция қызметкерлері марқұмның «каратэ» секциясында бапкердің қатысуымен болған жаттығу кезінде дене жарақатын алғандығын анықтады.  Орын алған оқиғаның толық мән-жайын және себеп-салдарын жан-жақты нақтылау мақсатында сотқа дейінгі тергеу басталды. Қорытындысы бойынша жаттықтырушы мен жедел жәрдем қызметкерлерінің іс-әрекетіне құқықтық баға беріледі.  Басқа ақпарат ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес жарияланбайды», - деді ІІД баспасөз қызметі.  




Пайдалы кеңес