KZ RU

Динара Сәдуақасова әлемнің үздік шахматшысы атанды

Қазақстандық шахматшы Динара Сәдуақасова Халықаралық турнирде әйелдер арасында бірінші орынды иеленіп, әлемнің үздік шахматшы әйелдері қатарына қосылды. Бұл туралы Динара Сәдуақасова атындағы шахмат академиясының баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды ELnews.kz.

 

Халықаралық HDBank Cup Internasional Open Chess 2019 турнирі Вьетнамда өткен еді.


Турнирде әлемнің 21 елінен 103 майталман шахматшы бақ сынады.


"Рейтингтегі өз мәртебесін айтарлықтай биіктеткен Динара Сәдуақасова әлемнің ең шебер ТОП-30 қыз-келіншегінің қатарына қосылған алғашқы қазақстандық шахматшы атанды" делінген хабарламада.


Сондай-ақ, турнирдегі екінші орынға бұрынғы әлем чемпионы Антуанетта Стефанова орныққан. Үшінші орын жүлдесі  сингапурлік Ли Руфанның қанжығасында.


Пайдалы кеңес