KZ RU

Данияр Ақышев ҚР Президентінің кеңесшісі қызметіне тағайындалды

Данияр Талғатұлы Ақышев ҚР Президентінің кеңесшісі қызметіне тағайындалды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды ELnews.kz.

 

Данияр Талғатұлы Ақышев 1976 жылы 25 мамырда Алматы қаласында дүниеге келген.


1996 жылы Қазақ Мемлекеттік Басқару Академиясын экономист мамандығы бойынша (мамандығы - банк ісін ұйымдастыру) үздік бітірген.


1996 жылдан бастап 2007 жыл аралығында әр түрлі елдерде, оның ішінде АҚШ, Жапония, Оңтүстік Корея, Австрия, Түркия және т.б. елдерде халықаралық қаржы ұйымдары мен институттары өткізген курстар мен семинарларға қатысқан.


1995 жылғы қарашадан бастап 1996 жылғы қараша аралығында Орта Азиялық қор биржасында жетекші экономист болып жұмыс істеген.


1996 жылғы қарашадан бастап 2007 жылғы тамыз аралығында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Зерттеу және статистика департаментінде әр түрлі қызметтерде болды.


2003 жылғы маусымнан бастап 2007 жылғы тамыз аралығында Зерттеу және статистика департаментінің директоры қызметін атқарды.


2007 жылғы тамыздан 2014 жыл аралығында Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары қызметін атқарды. Одан кейін Президент әкімшілігінің әлеуметтік-экономикалық мониторинг бөлімінде жетекші болды. 


2015 жылдың 24 тамызынан Президенттің көмекшісі міндетін уақытша атқарды. 


2015 жылғы 2 қарашадан Ұлттық Банк төрағасы қызметін атқарды. 


«Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл» мерейтойлық медалімен (2011), «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің еңбек сіңірген қызметкері» кеудеге тағатын белгісімен (2006) марапатталған. 




Пайдалы кеңес