KZ RU

Қазақстанда мамыр айында ең төменгі күнкөріс 26 468 теңге болды

ELnews.kz - 2018 жылғы мамыр айында ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасы 26 468 теңгені құрады. Бұл туралы Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті хабарлады.


Негізгі тамақ өнімдерін тұтынудың ең төменгі нормаларынан есептелген орта есеппен халықтың жан басына шаққандағы ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасы 2018 жылғы мамырда өткен аймен салыстырғанда 0,5%, 2017 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда – 3,4%-ға жоғарылады.

Оның құрылымында ет пен балықты сатып алуға жұмсалған шығыстардың үлесі 19,8%, сүт, тоң май өнімдері мен жұмыртқа - 15,3%, жемістер мен көкөністер - 10,5%, нан және жарма өнімдері - 7,3%, қант, шай және дәмдеуіштер 2,1%-ды құрады.


Басқа да:

12313

  • 09 шілде, 18:13

Пайдалы кеңес