KZ RU

Бақыт Сұлтанов: Көпбалалы аналар жалға алған пәтерін бірте-бірте сатып алады

Астана әкімі Бақыт Сұлтанов халыққа есеп беру кездесуінде баспана мәселесін шешу жолдарын қарастырып жатқаны жөнінде айтты, деп хабарлайды ELnews.kz. 

   

"Біз қала тұрғындарының көпшілігін алаңдатқан баспана мәселесін шешу механизмін қарастырып жатырмыз. Оның ішінде көпбалалы аналарға пәтерлерді жалға беретін боламыз. Жалға беріп қана қоймай, оны бірте-бірте сатып алуына мүмкіндік жасаймыз. Яғни, енді ай сайынғы маңдай термен тапқан қаржыны пәтер иесінің қалтасына салмайды. Оны түбінде меншігіне өтетін өз шаңырағына құятын болады", - деді қала әкімі.


Жиын барысында қала басшысы баспананы жалға беру жоспарын қалай іске асыраты туралы да айтып өтті. 


"Өздеріңіз білесіздер, қала маңындағы ескі үйлер сүріліп жатыр. Олардың орнына заманауи талапқа сай, биік көпқабатты, айналасында мектеп-балабақшасы, емхана-дәріханасы және тағы да басқа әлеуметтік инфрақұрылымы қамтылған пәтерлер салынып жатыр. Яғни, көпбалалалы аналарды пәтермен ғана қамтып қоймай, бүгінгі күннің керегіне сай жағдайлармен қамтамасыз етеміз", - дейді Бақыт Сұлтанов.

Пайдалы кеңес