KZ RU

Шымкентте ерлі-зайыптыларды өлтіріп кеткен күдікті ұсталды

Шымкентте бір отбасын қатігездікпен өлтірген күдікті ұсталды. Бұл туралы otyrar.kz жазды, деп хабарлайды ELnews.kz.

 

«Ағымдағы жылдың 16 ақпанында жедел-тергеу іс-шараларының нәтижесінде полиция қызметкерлері екі адамды өлтірген күдікті 27 жасар Шымкент қаласының тұрғынын анықтап, ұстады. Сотқа дейінгі тергеу жалғасуда, күдікті тұтқынға алынды. Басқа мәліметтер тергеу мүддесіне байланысты жария етуге жатпайды», - дейді Шымкент қаласының ІІД.


Еске салайық, 6 ақпан күні қаладағы жеке тұрғын үйлердің бірінде ерлі-зайыптыларды өз үйінде өлтіріп кеткен. Бірқатар сараптама тағайындалған.


Шымкент қаласында ерлі-зайыптыларды өлтіру жайты бойынша ҚР ҚК-нің 99-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.


Пайдалы кеңес