KZ RU

Мембағдарламамен салынған үйде лифт құлап, бір адам қаза тапты

Алматыда көпқабатты үйлердің бірінде ер адам мінген лифт құлап кеткен, деп хабарлайды Tengrinews.kz қалалық ПД өкілдеріне сілтеме жасап.

 

Оқиға кеше, 13 ақпанда кешкі уақытта Алатау ауданындағы "Алғабас-6" ықшамауданында болған.


"Бұл дерек ҚР Қылмыстық кодексінің 306-бабы бойынша соталды тергеудің бірыңғай реестрінде тіркелді. ТЖ салдарынан 59 жастағы ер адам қаза тапты. Қазіргі уақытта соталды тергеуді Алатау аудандық Полиция басқармасының тергеу бөлімі жүргізіп жатыр. Оқиғаның мән-жайы анықталу үстінде", - деп хабарлады полиция департаментінің өкілдері.


Оқиға мемлекеттік бағдарламамен берілетін үйде болған. 2016 жылы бұл ықшамауданда тұрғын үй бір жағына қарай қисайып, тұрғындар дереу эвакуацияланған.


Пайдалы кеңес