KZ RU

Дәрігерлер 2 жасар баланың мұрнынан «батарейка» алып шықты

Ақтауда дәрігерлер 2 жасар баланың мұрнынан «батарейка» алып шықты. Бұл туралы «Sofie Medgroup» клиникасы мәлім етті, деп хабарлайды ELnews.kz lada.kz-ке сілтеме жасап.

 

Ата-анасы жекеменшік клиникаға мазасызданып, ұйықтамай қойған 2 жасар баласын жеткізген. Дәрігерлер баланы тексерген кезде мұрнына «батарейка» кіріп кеткенін байқаған.


Баланың ата-анасының айтуынша, бала екі күннен бері жылап, ұйықтай алмаған. 


«Оториноларинголог Нұрғиса Найзабекұлы баланың мұрын қуысына «батарейка» кіріп кеткенін анықтады. Тотығу процесінің салдарынан баланың мұрын қуысындағы шырышты қабығы күйіп қалған. Дәрігерлердің көмегімен «батарейка» мұрыннан алынды. Қазір баланың жағдайы бірқалыпты. Ата-аналардан балаларына сақтықпен қарауды сұраймыз», – деп жазылған клиника хабарламасында.




Пайдалы кеңес