KZ RU

"Жынымды келтірмеңізші". Вице-министр неге ашуланды?

Әлеуметтік желілерде Ұлттық экономика вице-министрі Серік Жұманғариннің сұхбат беріп тұрған сәтінде ашуланғаны түсірілген видео тарады, деп хабарлайды ELnews.kz.
 

Вице-министрге журналистер сұрақ қойып тұрған. Содан тарифтерге қатысты сұрақ қойылғанда ол ашуланған.


"Мен кеше Парламентте тарифтер жайлы айттым. Бұл жерде ұсақ және орта кәсіп жайлы. Сіз менен осы жерде тарифтер жайлы сұрағыңыз келіп тұр ма? Ресми түрде маған келіңіз. Тарифтер жайлы басынан аяқ айтып беремін, блин. Жынымды келтірмеңізші", - деді Жұманғарин. 


Артынша, вице-министр "Жынымды келтірмеңізші" дегені үшін журналистерден кешірім сұрады.


"Мен журналистерге қарата қатты айтқан сөзіме өкініш білдіремін. Иә, менің сөзім өрескелдеу болды. Сол себепті, журналистерден ресми түрде кешірім сұраймын. Сұхбат беру мәселесіне келсек, ол жайлы ескерткенімдей, журналистерді қызықтырған сауалдарға жауап беруге дайынмын"- деп атап өтті вице-министр.

Пайдалы кеңес