KZ RU

Алматы облысында екі аурухананың басшысы жазаланды

Алматы облысында екі аурухананың басшысы жазаланды. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Қоғамдық денсаулық сақтау комитетінің баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды ELnews.kz.
 

ҚР ДСМ Қоғамдық денсаулық сақтау комитетімен Қарасай ауданының Қаскелең қалалық жұқпалы аурулар ауруханасына жоспардан тыс тексеру жүргізілгеннен кейін аурухана директорына қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 425-бабы 1-бөлімі бойынша және екі бөлім меңгерушілеріне қатысты 80-бабы 1-бөлімі бойынша әкімшілік шаралар қабылдады, сондай-ақ 2018 жылдың 11 қазанына дейінгі мерзімге бұзушылықтарды жою туралы ұйғарым берілді. 


Тексеру қорытындысы бойынша "Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры" КЕАҚ Алматы филиалымен сапасыз медициналық қызмет көрсеткені үшін 2 млн.345 мың. теңге көлемінде айыппұл салынды.


Қайта тексеру нәтижелері бойынша ұйғарымның 2 тармағы орындалмағаны анықталды, материалдар шаралар қабылдау үшін Қаскелең қаласының әкімшілік сотына жіберілді. Қарасай мамандандырылған әкімшілік сотының 2018 жылғы 23 қарашадағы қаулысымен аурухана директорына 15 АЕК көлемінде айыппұл салынды.


Инфекциялық науқастарға көрсетілетін медициналық қызмет сапасын жақсарту мақсатында Алматы облысының Әкімі 2018 жылғы 1 қарашада ««Қаскелең қалалық жұқпалы аурулар ауруханасы» КМҚК-н «Қарасай аудандық орталық ауруханасы» ШЖҚ МКК-на қосу жолымен қайта ұйымдастыру туралы» №524 қаулы шығарды, қазіргі уақытта аурухана қайта құрылылды және Қарасай аудандық орталық ауруханасы құрамына кірді. Бұл ретте, ауруханаларда әкімшілік бөлігінен басқа көзделген штат бірлігі сақталған.


2018 жылдың сәуір айында Еңбекшіқазақ ауданы Шелек ауылының аудандық ауруханасын тексеру барысында аурухана ғимаратының қанағаттанарлықсыз санитариялық-техникалық жағдайы, сумен жабдықтау, кәріз және желдету жүйелерінің ақаулығы анықталды.  Тексеру нәтижелері бойынша 10 лауазымды тұлғаға айыппұл түрінде әкімшілік шаралар қабылданды, сондай-ақ 2018 жылғы 27 желтоқсанға дейін орындау мерзімімен бұзушылықтарды жою туралы ұйғарым берілді.


Нұсқаманы орындау бойынша тексеру ағымдағы жылдың қаңтар айында жүргізілді. Тексеру барысында 27 пункттің 13-і орындалмағаны анықталды, атап айтқанда күрделі жөндеу жүргізу, желдету жүйесінің жұмыс істеуін қамтамасыз ету, кір жуу орнын жабдықтау, бүтіндігі бұзылған асхана ыдыстарын ауыстыру, сондай-ақ инфекциялық аурулардың жекелеген түрлеріне науқастарды тексеру және инфекциялық бақылау комиссиясының жұмысы бойынша бұзушылықтар.


Аурухана директорының орынбасарына ұйғарымның орындамағаны үшін ҚР ӘҚБтК 462-бабының 3-тармағы бойынша Әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырылды (бұрынғы директор жұмыстан босатылды). Тексеру материалдары шара қолдану үшін Еңбекшіқазақ аудандық №2 сотына жіберілді, қазіргі уақытта материалдар қарастырылуда.


Қазіргі уақытта аталған объектіде күрделі жөндеу жүргізілуде. Облыс әкімінің 2018 жылғы 2 мамырдағы № 203 қаулысымен қалпына келтіру жұмыстарымен сейсмикалық күшейтуді жүргізуге 100 млн. теңге бөлінді.


Аталған медициналық ұйымдардың тиісті жағдайын қамтамасыз ету жөніндегі іс-шаралардың орындалуы Қоғамдық денсаулық сақтау комитетінің бақылауында.


Естеріңізге сала кетейік, 2018 жылдың 6 маусымында ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов Қаскелең қалалық жұқпалы аурулар ауруханасына барып, қорытындысы бойынша денсаулық сақтау және халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы заңнама талаптарының сақталуына жоспардан тыс тексеру жүргізуді және жүйеге келтіруді тапсырды.


Пайдалы кеңес