KZ RU

Қостанайда өрт кезінде әйел тірідей жанып кетті

Қостанайда жекеменшік үйлердің бірі өртеніп, бір адам қайтыс болған. Бұл туралы kstnews.kz жазды, деп хабарлайды ELnews.kz.

 

Үйдің барлық 30 шаршы метрі жанып кеткен. Оқиға орнында өрт сөндіру қызметінің 35 қызметкері мен 7 техника жұмыс істеген.


Өрт толығымен сөндірілгенде әйел адамның өртеніп кеткен денесі табылған. Өрттің шығу себебі анықталуда.


Еске сала кетсек, 4 ақпанда Астанада өрттен бес бала қаза тапқан болатын.


Пайдалы кеңес