KZ RU

Димаш Құдайберген бейнебаян түсіру үшін Испанияға кетті

Қазақстандық әнші Димаш Құдайберген Испанияға «Любовь уставших лебедей» әніне бейнебаян түсіруге кетті, деп хабарлайды ELnews.kz.

 

Бұл туралы әнші Instagram парақшасында жазды.


«Испанияға ұшып бара жатырмын, «Любовь уставших лебедей» бейнебаянын түсіру үшін», - деген Димаш жазбасында.

Айта кетейік, «Любовь уставших лебедей» әнінің авторы - композитор Игорь Крутой. Димаш Құдайберген композитормен бірге бірнеше рет ән шырқады. «Любовь уставших лебедей» әнін бірінші болып канадалық әнші Лара Фабиан айтқан.


Пайдалы кеңес