Кәсіпкер көмекке мұқтаж 13 отбасыға соғым сойып берді
- 11.02.2019,
- EL-жаңалық
- 42
Шығыс Қазақстан облысының Тарбағатай ауданында кәсіпкерлер көмекке мұқтаж отбасыларға қол ұшын созуда. #ЖақсылықЖаса акциясы аясында олар ауыл адамдарына соғым сойып, көмір түсіріп беруде, деп хабарлайды ELnews.kz.
Кәсіпкерлердің #ЖақсылықЖаса акциясына атсалысып жатқанын Қанат Оралбек есімді фейсбук қолданушысы жазды.
«
Тарбағатайлық азаматтар ежелден жақсылыққа бастамашы. Бәделхан Кәмәлханұлы ағамыз 13 мұқтаж отбасыға бір-бір жылқыдан сойып беріпті. Аудан кәсіпкерлері тегін көмір мен азық-түлік таратып жатыр екен. Көпке үлгі боларлық игі іс. #ЖақсылықЖаса #ДелайДобро », деп жазды ол.