KZ RU

Шымкентте жас ана сауда орталығында босанып қалды

Шымкенттегі сауда орталықтарының бірінде 10 ақпан күні сағат 10 шамасында әйелдер дәретханасында жас ана босанып қалған. Бұл туралы otyrar.kz жазды, деп хабарлайды ELnews.kz.

 

Сауда орталығындағы дәріханалардың біріне дәрі алуға кірген 23 жастағы Әйгерім есімді келіншектің толғағы басталған. Өзін жайсыз сезінген жас ана дәретханаға асыққан. Жедел жәрдемді шақырғанмен олар жедел жетіп үлгермеді. Санаулы минуттардан кейін дүниеге шыр етіп қыз бала келді. Ал жас ананы күзет қызметкері Ботакөз Алихан босандырып алған. Жас сәбиді Айша деп атапты.


Қазір Айша Қамбар мен оның анасы дәрігерлердің бақылауына алынды. Облыстық перинатальдық орталықта жатыр. Сауда-ойын сауық орталығының әкімшілігі балаға бір жылға жететін жөргек пен балалар қоларбасын сыйлауға шешім қабылдапты.



Пайдалы кеңес